Балалар көпқабатты үйдің төбесінде ойнап жүр

Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне шығып ойнаған балаларды полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

17-шағын аудандағы тұрғын үй кешенінде түсірілген мына бейнекадрлар жұрттың жағасын ұстатты. Куәгерлер дереу құқық қорғаушыларға хабар береді. Алайда олар келгенше 3 жеткіншек қашып үлгерген. Қазір баспана маңындағы бейнекамералар тексеріліп жатыр. Баласын қараусыз қалдырғаны үшін ата-анаға әкімшілік шара қолданылады.