Алматыда полиция генерал-майоры ұсталды: ол пара алды деп айыпталуда

23 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады. Оған қылмыстық істі тоқтатқаны үшін ақша мен мүлік алды деген айып тағылып отыр.

Ұсталған азамат 10.07.1963 жылы туған. 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған.

«Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктенеді. Сол күні Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды», – делінген ведомство мәліметінде.

Күдіктіге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды.