40 млн теңге пара алу: БҚО-да Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері ұсталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді, ол «Ж» ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін 40 млн теңге пара алды деп күдіктелуде», – делінген ведомство таратқан мәліметте.

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған.

«Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды», – деп толықтырды ведомстводағылар.