470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы облысында BMW үйдің үстіне құлады

  • 88
  • UPD: 15:29, 25.05.2022
Алматы облысында BMW үйдің үстіне құлады

Алматы облысында BMW X5 көлігі үйдің үстіне құлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Фото Instagram-дағы almaty_kris_p парақшасында жарияланды.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, BMW көлігінің қатысуымен болған жол апаты 24 мамырға қараған түні Іле ауданының Боралдай ауылында болған.

«Жүргізуші 29 жастағы жергілікті тұрғын, ол көлікті басқара алмай, жолдан ұшып кетті. Автокөлік жеке тұрғын үй ғимаратының төбесіне түсіп, газ құбырының доғасын зақымдады, сондай-ақ электр сымдары бар бағанды құлатты», – делінген хабарламада.

Жүргізуші жеңіл жарақат алды, ол ауруханаға жатудан бас тартты.

«Құқық бұзушы ҚР ҚК 610-бабы «Көлiк құралын, жолдарды, жол және өзге де құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi зақымдап, материалдық залал келтiруге әкеп соққан көлiк құралы жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді полиция өкілі.

Келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы