470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Риддердегі орман өртіне кінәлі азамат бас бостандығынан айырылды

  • 98
  • UPD: 22:43, 25.05.2022
Риддердегі орман өртіне кінәлі азамат бас бостандығынан айырылды

Риддердегі алапат орман өртіне кінәлі азамат 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы мәлімдеді. Орман былтыр 10 мамырда отқа оранған еді. Екі адам көз жұмды. 300 гектарға жуық алқап жанып кетті. 31 үй өртенді. 250 миллион теңгеден астам материалдық шығын келді. Өрт екі тәулік дегенде әрең сөндірілді. 35 жастағы азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Ол отбасымен орман ортасында алау жаққан. Содан ұшқан шоқ желекке тиіп, лезде лап ете түскен. Жалынды өз күшімен өшіре алмаған соң күдікті ешкімге хабарламастан оқиға орнынан кетіп қалған. Азаматтың отбасылық жағдайын және ол істі абайсыз жасағанын ескере отыра, сот оны 2 жарым жылға бас бостандығынан айырды. 15 шағым қаралып, сот шешімімен 125 миллион теңгеден астам шығын өндірілді.

Хабар 24 телеарнасы