Маңғыстау облысында апаттан зардап шеккен түлектердің бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылды

Кеше Маңғыстау облысында жол апатына түскен мектеп түлектерінің бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Басына қан құйылып, комаға түскен ер бала өңірлік аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ жамбас сүйегі сынған қыз баланың да жағдайы тұрақты ауыр.  Олар 25 мамырда санавиациямен Ақтауға шұғыл жеткізілген болатын.

Полицейлердің мәліметінше, «Шетпе-Сайөтес» бағытындағы трассада аударылған жеңіл көлікте 7 түлек  болған. Олар «Соңғы қоңырау» шарасынан соң жолға шығады. 268-шақырымында 17 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай қалған. Дене жарақатын алған тағы 5 оқушы Маңғыстау аудандық ауруханасының хирургия бөліміне жеткізілді. Олардың жағдайы бірқалыпты