Ақтөбедегі саяжайда есірткі зертханасы табылды

Қарасораны өсіруге және өңдеуге арналған жабдықтар тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

48 жастағы саяжай иесі полицияға өсімдікті жеке мақсатта қолдануы үшін еккенін айтқан. Ал зертханаға қажетті соңғы үлгідегі құралдарды интернет дүкендерінен алыпты. Қазір қылмыстық кодекстің 297 бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу басталған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктіні бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.