Алматыда Toyota көлігі дәмхананың жазғы алаңын бұзды

Алматыда Toyota көлігі дәмхананың жазғы алаңын бұзды
Закон кз

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігі дәмхананың жазғы алаңынан бір-ақ шықты, деп хабарлайды «Хабар 24» Закон kz-ке сілтеме жасап.

Дәмханада бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Полицейлердің мәліметінше, оқиға 24 мамыр күні болған. Төле би көшесімен батыс бағытта, Әуезов көшесінің қиылысында келе жатқан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі солға бұрылып келе жатып, Төле би көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатқан Volkswagen Polo көлігіне соғылған. Volkswagen жүргізушісі көлігін қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалды.

Соқтығыс салдарынан Toyota Camry автокөлігі күшті екпінмен Төле би көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп келіп, қоғамдық тамақтану орны орналасқан ғимаратқа кіріп кеткен. Жазғы алаңда бір әйел болды. Ол ауруханаға жеткізілді.