Павлодар облысында белгісіз заттан уланған алтыншы адам қайтыс болды

Павлодар облысында белгісіз сұйықтық ішкен тағы бір адам  қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін өңірде 5 адамның көз жұмғаны айтылған еді. Марқұмдардың барлығы бір ыдысқа құйылған сұйықтық ішкені анықталыпты. Әзірге оның қандай зат, құрамы қандай екені белгісіз.

Полиция қызметкерлері қазір осы жәйтті жіті тексеріп жатыр. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша тағы бір адам нашар күйде жатыр.