Қостанай облысында бұршақ аралас жауын жауды

Қостанай облысында жауған бұршақ аралас қатты жаңбыр жасыл желекті жапырып кетті.

Видеолар әлеуметтік желілерде таралды. Табиғаттың дүлей күші облыс орталығына іргелес Амангелді ауылындағы жас көшеттерді бүлдірді.

Төтенше жағдайлар қызметі бір күн бұрын қолайсыз ауа райы болуы мүмкін екенін ескерткен. Хабарламада найзағай соғып, жел екпіні күшейеді деп айтылған. Табиғаттың тосын мінезінен көлік апаттары тіркелген жоқ. Аймақ бойынша электр желілері қалыпты жұмыс істеп тұр.