loader


Ақмола облысында ер адам 10 жасар баланы соққыға жыққан

Оқиға кеше Қосшы қаласында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлының жәбір көргені жайлы полицейлерге анасы хабарлапты. Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, 40 жастағы ер адам аулада ойнап жүрген жеткіншекті жұдырықпен беттен ұрған. Ақпарға қарағанда ол ерегісіп қалған балалардың арасына түссе керек.  

Әсем Әбдікәрімова, облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

– Аталған факт бойынша денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындалды. ҚР қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі 8-тармағы бойынша «Кәмелетке толмаған балаға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлық орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде