Қостанай облысында кәмелетке толмаған қызды зорлаған тәрбиеші сотталды

Рудный қаласы балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол кәмелетке толмаған қызды зорлаған. 44 жастағы ер адам екі жыл бойы тәрбиеленішуге қатысты сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық әрекеттер жасап келген. Күдікті жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. Ол өмір бойына педагогикалық қызметтен шеттетілді. Сонымен қатар сот жәбірлену тараптың бір млн теңге көлемінде азаматтық талабын қанағаттандырды.

Арман Қабенов, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Іс сотқа Қылмыстық кодекстің 120 және 121-баптары бойынша берілді. Айыптыға педагогикалық қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынсын. Одан қалды 23 жылға ең жоғары қауіпсіздік колониясында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.