476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚМА жасанды алкогольді ірі көлемде сатудың жолын кесті

  • 148
  • UPD: 17:11, 02.06.2022
ҚМА жасанды алкогольді ірі көлемде сатудың жолын кесті CustomsForum.ru

Қаржылық мониторинг агенттігі тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылуын анықтау және адам денсаулығы мен адал бизнесті қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық Департаментімен жалған есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын 2 цехтың жолы кесілді.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Түркістан және Шымкент қалаларында орналасқан жалға алынған қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 2 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырылып, заңсыз өнімді сатумен айналысқан.

Ғимараттарды тінту барысында: 92 000 дана есепке алу-бақылау таңбалары, 24 000 литр құрамында спирті бар сұйықтық, 40 мыңға жуық дана арақ бөтелкелері, 30 мыңнан астам әртүрлі атаудағы бос бөтелкелер, 68 000 дана араққа арналған жапсырмалар, 44 500 дана бөтелкеге арналған қақпақтар, шөлмектеуге және өлшеп-орауға арналған 2 құрал тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы