476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚазМұнайГаз-дың бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

  • 166
  • UPD: 17:25, 02.06.2022
ҚазМұнайГаз-дың бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Жұмағұлұлына іздеу салынды.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаржылық мониторинг агенттігі 31.01.1976 жылы туған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Ол бір топ адаммен алдын ала келісу арқылы аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді.

Іздеудегі Ибулла Жұмағұлұлын көрген немесе ол туралы басқа да ақпарат белгілі болған жағдайда Агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат берген кісіге ақшалай сыйақы белгіленді, анонимдікке кепілдік беріледі» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы