Шығыс Қазақстанда құтқарушылар бетон плиталардың арасына қыстырылып қалған 6 жасар баланы құтқарып алды. Оқыс оқиға Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құтқару операциясына арнайы техника қажет болмаған. Баланы құтқарушылар мен ауыл тұрғыны алып шыққан. Қазір оның жағдайы жақсы. Абырой болғанда, жарақат алмаған. .
АҚТӨБЕДЕ МАС ЖҮРГІЗУШІ ЖОЛ АПАТЫНА ТҮСТІ
Ақтөбеде жеңіл автокөлік камазға соқтығысты. Мас күйінде рулге отырған 44 жастағы жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Зардап шеккен азамат Алға қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
НҰР-СҰЛТАНДА ТАЛТҮСТЕ ТОНАП КЕТТІ
Елордада банкке бара жатқан қызды тонап кеткен күдікті ұсталды. Оның қолындағы пакетте 3 млн теңгеге жуық ақша болған. Полицейлер 26 жастағы жігітті көп ұзамай қолға түсірді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО-ДА АСХАНАДА ЕСІРТКІ САҚТАҒАН
Ал Риддер қаласының тұрғыны асхананы есірткі сақтайтын қоймаға айналдырған. Полицейлер пәтерді тінту кезінде қорапқа салынған ұнтақты тапқан. Күдікті осы әрекеті үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.