Алматы облысындағы Іле ауданында 101 байланыс нөмірі істен шықты

Алматы облысының Іле ауданында төтенше жағдай кезінде қоңырау шалатын 101 нөмірі істен шықты.

Қазір ол қызметке ұялы телефонмен байланысу мүмкін болмай тұр. Осыған орай облыстық Төтенше жағдай департаменті тұрғындардан оқыс оқиға кезінде 112 немесе 8 727 522 07 22 телефон нөміріне хабарласу керектігін ескертіп отыр. Баспасөз қызметі байланыс операторлары техникалық ақауды анықтап, қалпына келтіріп жатыр деп мәлімдеді.