Алматы облысындағы өзеннен баланың мәйіті табылды

Алматы облысындағы өзеннен баланың мәйіті табылды
ҚазАқпарат

Құтқарушылар Текелі қаласындағы Қора өзенінен баланың денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 мамыр күні кешкі сағат 18:51 шамасында төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне өзенде баланың мәйіті қалқып жүргені жөнінде хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, Қора өзенінен 2018 жылғы баланың мүрдесін алып шықты», – делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері су қоймаларында бір бала батып кеткен. Мамандар балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеді.