Әскери борышын өтеу барысында сарбаз өліміне жол берген офицерлер жазаға тартылады – Тоқаев

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі өлім-жітімнің жиілеуіне байланысты комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы мұндай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды жүктеді. Бүгін таңғы сағат 5-те Маңғыстау облысындағы Бейнеу шекара қызметінің әскери бөлімінде сарбаздың мәйіті асылған күйінде табылды. 19 жастағы Еділ Телешбаев әскери борышын өтеуге Түркістан облысынан аттанған.