Қаңғыбас иттер малға қайтадан шапты

Батыс Қазақстан облысының Қызылтал ауылында иттер тағы да малға шапты.

Сайқұдық көшесіндегі үйдің тұрғыны Гүлфия Қазымованың хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін таңда болған. "Қорадағы қойлардың қырылып жатқанын,,, ең әуелі егде жастағы әкеміз байқады. Кейін бірден аудандық полиция бөліміне, ветеринарлық станцияға хабарластық. Олар әзірге келген жоқ дейді ол. Иесіз иттердің қорадағы малға шабуы,,, бұған дейін де болған. Өткен жылдары тұрғындары түгел көшірілген Березов ауылында иесіз ит көп. Солар  ауыл  маңындағы қоқыс төгетін орынға үйірімен жиналады. Малға тиді,,, енді адамға шаппасына кім кепіл? Біздің шығынымызды кім өтейді дейді ауыл тұрғындары.

Гүлфия Қазымова, Қызылтал ауылының тұрғыны:

- Ұзын сонары ешкісі бар қойы бар 27 бас бізде. 27 бастың үшеуі арам өлген. Сегізі пышаққа ілінді. Қатты жарақат сегізі өлейін деп жатқан жерінен бауыздап болды сойып та болды. Енді қазір басқаларын тексеріп жатыр. Әлі де пышаққа ілінетіндері бар, шаптан салғандары бар көрінген көзге. 27 бастың 24-і шығынданып тұр қазіргі таңда. 

Сондай-ақ...