476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте астыртын цех әшкереленді

  • 324
  • UPD: 16:39, 07.06.2022
Шымкентте астыртын цех әшкереленді

Ал Шымкентте алкоголь өнімдерін шығаратын астыртын цех әшкере болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заңсыз нысан мегаполистің индустриялық аймағынан табылған. Онда танымал ішімдіктердің көшірмесі жасалып, қаланың базарлары мен дүкендеріне шығарылды. Құзырлы орган өкілдері цехтан 2 тоннадан астам спирт тәркілепті. Көлеңкелі бизнеспен Шымкент қаласының екі тұрғыны айналысып келгені анықталды. Олар қазір қамауда. Кінәсін мойындады. Кейін аталған азаматтардың шаһардағы жеке үйлердің бірін заңсыз кәсібіне пайдаланып келгені белгілі болды. Мамандардың сөзінше екеуі де жазаға тартылды. Бірі 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілсе, екіншісі 1 жарым млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Мейрам Мұхтаров, қалалық Әділет департаментінің бөлім басшысы:

– Алкоголь өнімдері қазіргі таңда толығымен жойылды. Ол өнімдердің 6 мыңға жуық бос бутылкалары және 20 мыңға жуық әр түрлі бос бутылкалар жойылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы