Ақтөбе облысында өзенге құлаған көлік жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбе облысында көлік өзенге аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 маусымда Daewoo Lanos автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі, Қурайлы кентінің тұрғыны Алға ауданының далалы жолымен жүріп келе жатқанда рөлді басқара алмай, Қарахобда өзеніне аударылып кеткен. Су көлік ішіне толып, жүргізуші көз жұмды. ЖКО жағдайлары анықталуда.