Жүргізуші куәлігін заңсыз берген ХҚКО қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырусыз жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз жүйелі негізде сыйақы алу және автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою фактісі бойынша автокөлік иелеріне арналған Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №2 қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізілуде.  ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды» делінген хабарламада.