Ақтауда үстіне кірпіш қабырға құлаған жұмысшы қаза тапты

Ақтауда үстіне кірпіш қабырға құлаған жұмысшы қаза тапты

Ақтауда үстіне кірпіш қабырға құлаған жұмысшы мерт болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, коммуналдық мекеме жұмысшылары 23-шағын ауданда жылу желісін жөндеп жатқан. Арнайы техникамен жұмыс істеген ер адамның үстіне сол жерде тұрған қабырға құлаған. Құтқарушылар жұмысшыны үйінді астынан шығарып, жедел жәрдеммен ауруханаға шұғыл жеткізді. Алайда ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.