Қостанай облысында ер адам құдыққа құлап кетті

Қостанай облысында ер адам құдыққа құлап кетті
Tengrinews

Оқиға 9 маусым күні таңертең Қамысты ауданындағы Арқа ауылында болған.

Сағат 7:55-те Қамысты ауданының ТЖБ-не ауылдың учаскелік полиция инспекторынан Торговая көшесіндегі құдыққа адам құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Қамысты ауылының 18 өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы шықты. Осы уақыт ішінде зардап шеккендердің жанында учаскелік полиция инспекторы және жергілікті фельдшер болды. Келгеннен кейін құдықта су жоқ екені және оның тереңдігі 15 метрге жететіні белгілі болды. Құдықтың түбінде жас жігіт жатты. Қамысты құтқарушылары арқанмен құдықтан ер адамды шығарып, аудандық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қамысты аудандық ауруханасы дәрігерлерінің алдын ала диагнозы бойынша 2001 жылы туған бала құлау салдарынан омыртқаның сынуы мен жұлынның зақымдануын алды. Ол шұғыл түрде Қостанай облыстық ауруханасына жіберілді. Құлаудың алдын ала себебі – жәбірленушінің абайсыздығы. ️️️