Антикор қызметкері 7 жылға сотталды – Атырау

Атырауда пара алған антикор қызметкері 7 жылға сотталды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің 30 жастағы офицері Нұрсұлтан Мұятов былтыр «21 млн теңге пара беруге итермеледі» деген күдікпен ұсталған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айыптаушы тараптың сөзінше, ол «Самұрық-Қазына» компаниясына қарасты мекеме басшыларының біріне қатысты жалған кәсіпкерлік туралы қылмыстық іс қозғамауға уәде беріп, үлкен сомада ақша талап еткен.

Зарема Хамидуллина, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрайымы:

- Нұрсұлтан Мұятов ҚР ҚК 24 бабының 3 бөлігі, 190 бабының 4 бөлігі 2 тармағында, 28 бабының 4 бөлігі, 367 бабының 3 бөлігінің 2 тармағында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық әрекеттері үшін кінәлі деп танылсын.