Павлодар облысында 19 жастағы қыз көлікпен аударылып қалды

Автокөлік арнайы айып тұрағына қамауға алынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 9 маусым күні сағат 17.15-те Баянауыл ауданы Шөптікөл ауылы маңында орын алған.   

- «Ниссан Ларго» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Қалқаман – Керней автожолының 84 шақырымында рульді басқара алмай қалып, жыраға  аударылған, - деді департаментте.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2005 жылы туған жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.