476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шағын футбол: Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

  • 192
  • UPD: 12:34, 10.06.2022
Шағын футбол: Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

Словакияда 6х6 форматты шағын футболдан Еуропа чемпионаты өтіп жатыр.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Турнирдің ширек финалында Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңіп (1:1, пен. – 3:2), жартылай финалға жолдама алды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы F тобында үш ойын өткізген болатын: Грекиямен тең түсіп (2:2), Англияны жеңіп (2:1), Израильге есе жібердік (2:5). 1/8 финалында қазақстандықтар Черногорияны жеңді (3:3, пен. – 4:3).

Жартылай финалда біздің отандастарымыз Әзербайжан командасымен кездеседі. Матч бүгін, елорда уақытымен 22:00-де басталады.

Қазақстан футбол федерациясы шағын футболдан құрамасының ойыншыларын, жаттықтырушылары мен қызметкерлерін құттықтайды!

Әр матч сайын Қазақстандағы футболдың бір орында тұрмай, барлық бағытта қарқынды дамып, халықаралық аренада бәсекеге қабілетті деңгейде екенін дәлелдеп келесіздер.

Хабар 24 телеарнасы