Шымкентте ақша жымқыру дерегі бойынша балабақша меңгерушілері тергеліп жатыр

Шымкентте ақша жымқыру дерегі бойынша балабақша меңгерушілері тергеліп жатыр

Шымкентте бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен үш бірдей балабақшаның меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшылары жалған есеп жүргізіп, жан басына қаржыландыру бағдарламасы арқылы қыруар ақшаны қолды еткен.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бюджетке 45 миллион 700 мың теңге шығын келген. Өзге ақпарат тергеу құпиясына сай жария етілмеді. 

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Балабақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.