Ақтөбеде баланы ит талап өлтірді

Қайғылы оқиға облыс орталығының Есет батыр ауданында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлердің айтуынша, ата-анасы ойын баласынан көз жазып қалып, түн ортасында полицияға хабарласқан. Артынша баланың денесі сол маңдағы құрылыс алаңдарының бірінен табылған. Тәртіп сақшылары жеткіншектің  денесінде сау жер қалмаған дейді. Қазір бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл өңірдегі алғашқы қайғылы жағдай емес. Шамамен бір ай бұрын 13 жасар қыз баланы қабаған иттер талап, бір өлімнен қалған болатын.

Ардана Саймағамбетов, Ақтөбе облыстық ПД ЖПБ бастығы:

– Жас баланың «Көп қан жоғалту, бастың, дененің, қол мен аяқтың көптеген жарақаттары» түріндегі зорлықпен өлу белгілері бар мәйтінің табылу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі жануардың тістеуінен болуы мүмкін. Оған енді көптеген сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс тіркелуде.