«АрселорМиттал Теміртау» комбинатында төрт жұмысшы мерт болды

Теміртау қаласындағы «АрселорМитталға» қарасты металлургиялық комбинатта 5 адам үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар сондағы ескі цехтың бірін бұзып жатқан. Пештің мұржасы құлап, жұмысшыларды басып қалады. Төрт адам оқиға орнында мерт болған. 28 жастағы жігіт ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы орташа, дейді дәрігерлер.