Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық тәртіпті бұзғандарды ұстады

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық тәртіпті бұзғандарды ұстады
ҚазАқпарат

Жанжалдасқан екеудің бірі қарсыласына балта сілтеп, өлтіремін деп қорқытқан, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Шымкент қаласының «Шығыс» шағын ауданында болған. Патрульдік қызмет кезінде әскери жасақ екі адамның жанжалдасып жатқанын байқайды. Жандарына жақындаған кезде біреуі екіншісіне балтамен ұмтылған. «Біз патрульдік бағытты айналып өтіп, екі тұрғынның қоғамдық тыныштықты бұзып жатқанын байқадық. Жанжал күшейіп, қақтығыс қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады. Араласуға тура келді», – дейді патрульдік топтың бастығы, аға лейтенант Оразхан Орынбасар. Тәртіп бұзушылар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілген.