Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасында жұмысшы қаза тапты

Қайғылы оқиға Абай ауылынан 4 шақырым жерде, «Алтынтау Көкшетау» алтын өндіру компаниясының аумағында болды.

Жұмыс уақытында 48 жастағы жұмысшыға салмағы бір тоннаға жуық қап құлады. Ер адам алған жарақатынан қайтыс болды. Қазір оқиға орнында полиция мен еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мамандар қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда.