Павлодарда зейнеткер тізгіндеген жүк көлігі әйел адамды қағып кетті

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

14 маусымда сағат 09:00-де Благовещенск соборының тұрағында КамАЗ-5410 автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі артқа қозғалып келе жатып, 54 жастағы әйелді қағып кеткен.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.