Түркістан облысында ер адам қызғаныштан әйелін атып өлтірді

Қайғылы оқиға Сауран ауданының Қаражон ауылында болды, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

41 жастағы ер адам 34 жастағы өзінің азаматтық некедегі әйелін 16-калибрлі мылтықпен басынан атып өлтірді. Әйел оқиға орнында қаза тапты.

Жантүршігерлік оқиғаға қызғаныш түрткі болған. Қылмыскердің өзі сотта өзімен бірге тұрған әйелді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтты.

Марқұмның артында үш баласы қалды: 2, 5 және 16 жастағы.

Ер адам 18 жылға сотталды.