Қарағанды облысының тұрғыны ауласында дизель сатқан

Қарағанды облысының тұрғыны үйінің ауласында дизель отынын заңсыз сақтап, сатумен айналысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сергей Шмидт есімді азаматтың әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері байқап қалған. Оның мұнай өнімін заңды жолмен алғанын растайтын ешбір құжаты болмаған. Айласын асырмақ болған саудагер мұнай өнімін сақтау үшін гаражына үш цистерна қойған. Сонымен қатар дизель отынын заңсыз тасымалдау үшін көлігіне 2 тонналық контейнер орнатқан. Тінту кезінде тәркіленген дизель отыны мемлекет пайдасына қайтарылды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Сот үкімімен Шмидт Сергей Владимировичке қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындай отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.