476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жамбыл облысында 10 көлік апатқа ұшырады

  • 289
  • UPD: 14:14, 15.06.2022

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің Жамбыл облысы аумағынан өтетін бөлігінде 10 көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға желісін тізбектесек, алдымен Скания маркалы жүк көлігінің тіркемесі өздігінен жана бастаған. Өрт ұлғайып, жол бойындағы қозғалысқа кедергі келтіргендіктен, көлік жүрісі уақытша тоқтатылған. Кейінірек өзге жүк көлігі автобус және тағы бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысқан. Апат кезінде тағы 4 машина өртенді: Олар жүк көлігі, жеңіл автокөлік және екі автобус. Оқиға орнында бір жүргізуші көз жұмды. 9 адам ауруханаға жеткізіліп, оның үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда қажетті барлық сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы