Павлодарда Мәдениет басқармасының басшысы күдікке ілінді

Павлодарда Мәдениет басқармасының басшысы күдікке ілінді

Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Самал Бегалинова сотқа дейінгі тергеу алдында жауап береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, шенеунік кәсіпкерден «пара алды» деген күдікке ілінген.  Қазір тергеу амалдарына орай, өзге де мәлімет таратылмайды. Айта кетейік, Самал Бегалинова мәдениет басқармасының басшысы болып екі жыл бұрын тағайындалған. Оның алдында Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жетекшілік етті.

Дамир Тәукел, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істен жөніндегі тергеушісі:

- Басқарма басшысы кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік сатып алу келісімшартына қол қойып, атқарылған орындалған жұмыс туралы актіге кедергісіз қол қойған. Шенеунік кінәсінің деңгейі тергеу аяқталғанда ғана анықталады.