Екібастұзда жеңіл көлік жаяу жүргіншілерді қағып, біреуі көз жұмды

Зардап шегушілердің біреуі ауруханада жатыр, деп Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 14 маусым күні сағат 22:55-те Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде 30 жастағы Volkswagen Passat жүргізушісі негізгі жолға шығып бара жатып жол бермей, Toyota Crown көлігімен соқтығысқан.

Соққыдан Toyota тротуарға шығып кетіп, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан 54 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 34 жастағы жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізілуде, - деді департаментінде.

Көліктер мамандандырылған айып тұрағына орналастырылды.