loader

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы биіктен құлап көз жұмды Media.az

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы биіктен құлап көз жұмды

Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі жылу электр орталығында монтаждаушы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, 16 маусым күні, ЖЭО-2 №7 қазандығында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде күтпеген жағдай болды. 1986 жылы туған «AB Construction» ЖШС қызметкері биіктен құлап, жарақат салдарынан көз жұмды», – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта іс тергеліп жатыр.

ЖЭО-2 «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ірі өндіруші кәсіпорны саналады. Станция өндірген электр энергиясы компания кәсіпорындарының электр жүктемелерін жабуға жұмсалады.

Артық электр энергиясы Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында сатылады. Теміртау энергия торабындағы үш электр станциясының бірі.

Сондай-ақ...