Түркістанда дәмхана өртенді 

Түркістан қаласындағы «Жеті Тандыр» дәмханасы өртенді. Өрт ғимараттың екінші қабатынан шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалын дәмхананың 400 шаршы метрін шарпыған. Ғимараттың шатыры да жанды. Тілсіз жау сағат 13:00-де толық сөндірілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін іштегі адамдар сыртқа шығып үлгерген. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.