Петропавлда пара берген кәсіпкер жеті жылға сотталды

Петропавлда шенеуніктерге бірнеше рет пара берген 75 жастағы зейнеткер бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бабкен Мартиросян ірі жол-құрылыс компаниясын басқарады. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол лауазымды тұлғаларға ақша беріп жатып ұсталған. Сотта оның кінәсі толық дәлелденіп, күдікті жас ерекшелігіне байланысты жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар бизнесменді мемлекеттік наградалардан, оның ішінде «Ерең еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныс енгізілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы пара алғаны үшін 3 жылға сотталған болатын.

Әсем Жаналина, қалалық соттың судьясы:

– Сотта сотталушының 18-20 наурыз аралығында мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына 1 млн 250 мың теңге пара бергені анықталды. Сонымен қатар 4 тамыздың  аудандық әкімдік қызметкеріне бюджеттік қаржының бөлінуін тездету үшін 200 мың теңге берген.