Павлодарда әйел зорлады деген күдікті ұсталды

Павлодарда әйел зорлады деген күдікті ұсталды
ASIA-Plus

Ол туралы тәртіп сақшыларына жәбірленушінің өзі мәлімдеген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодардағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

- «102» нөміріне И. есімді әйел хабарласып, Ж есімді азамат оны үйінде еркінен тыс зорлағанын айтып, арызданған. Хабарлама түсе салысымен 5512 әскери бөлімінің сақшылары бірден қылмыскерді іздестіруге кіріседі. Сағат түнгі 22:30 шамасында Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйлердің ауласынан жәбірленуші айтқан сипатқа сай келетін азамат ұсталды. Ол әскери жасақты көре сала бірден абдырап, сасқалақтай бастаған, - деді баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Сақшылар күдіктіні ұстап, бірден №4 полиция учаскесіне жеткізген. Жәбірленуші ұсталған азаматты бірден таныды.

Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК 120-бабының 1-тармағы бойынша (зорлау) қылмыстық іс қозғалды.