Семейде үш көлік соқтығысты

Semeynews.kz хабарлауынша, оқиға 19 маусымда сағат 13:20 шамасында Семей қаласында болған.

«Lada көлігін тізгіндеген 63 жастағы жүргізуші Қабанбай батыр көшесі жағынан Шәкәрім даңғылы бойымен келе жатып, жолдың сол жақ бетінде орналасқан тұраққа бұрылу кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей қарсы бағытта келе жатқан Toyota көлігімен соқтығысты. Қарсы бағыттағы көлік екпінімен тоқтап тұрған Toyota Camry көлігіне соқтығысты», – делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабалданады.