Ақтөбеде элеватор шұңқырына құлаған бала қайтыс болды

Бұған дейін ол 20 күнге жуық аурухананың жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетсек, 9 жастағы оқушы облыс орталығындағы ескі ғимарат ауласында ойнап жүріп, терең шұңқырға құлаған. Ауыр жараланған бала бір тәулікке жуық уақыт өткеннен кейін ғана табылды. Дәрігерлер қолдан келген ем-домды жасағанымен, жеткіншек тілге келмей көз жұмған.