476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Абай облысында көлік аударылып, бір адам көз жұмды

  • 157
  • UPD: 13:32, 20.06.2022
Абай облысында көлік аударылып, бір адам көз жұмды Semeynews.kz

Көкпекті ауданында Васильев өткелінде жол талғамайтын көлік аударылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 маусымда сағат 15:37 шамасында 45 жастағы жүргізуші басқарған Mitsubishi Pajero Васильев өткелі – Көкпекті бағытымен келе жатып, Көкпекті ауданында 72/97 шақырымында, жол жағдайына сәйкес қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, көлікті басқара алмай, көліктің жол жиегіне аударылуына жол берді. Көліктің ішінде үш жолаушысы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан өмірге үйлеспейтін дене жарақаттарынан 41 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 45 жастағы жүргізуші және кәмелетке толмаған екі жолаушысы (2008 ж.т. және 2010 ж.т.) түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптасы тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», – делінген ведомство хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы