Ақтауда көбелек пен қоңыз қаптап кетті

Ақтауда көбелек пен қанқыз қоңызы қаптап кетті.

Қанатты жәндіктер әсіресе жасыл желекке үйір.

Мамандардың айтуынша, бұл 3-4 жылда қайталанатын қалыпты құбылыс.

«Үлкен көзді барқыт көбелектер Маңғыстаудың Үстіртінде, Иран және Түрікменстанда жиі кездеседі. 2 апта өмір сүреді. Ал қанқыз гүлдердің тозаңдануына жәрдемдеседі. Олардың көбеюіне көктемде жаңбырдың толассыз жаууы себеп», - дейді мамандар. 

Мадина Нияз, НЗМ биология пәні мұғалімі:

- Көбелектер де өсімдіктерді тозаңдандырады. Бұдан кейін жеміс, өнім мол болады. Және қанқызды табиғат жағынан қарайтын болсақ, ол жыртқыш болып келеді. Олар жапырақтардың нәрімен қоректенетін бітелердің санын азайтады. Яғни осылай табиғатта тепе-теңдік сақталады.