Маңғыстау облысында құстар қырылып қалды  

Маңғыстау облысында құстар қырылып қалды  

Маңғыстау облысының Баутино порты маңында құстар қырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған ұқсас дерек Түпқараған ауданына қарасты Аташ елді мекенінде де болды. Толқын жағалауға шығарып тастаған бір топ қанаттыны ең әуелі балықшылар байқаған. Қазір сол аумақта тексеру жүріп жатыр. Мамандар алдымен құстардың қай түрге жататындығын анықтап, теңіз суынан және қырылған қанаттылардан сынамалар алады. Өлген құстар жойылады.