Елорда тұрғыны туысының үйіне ұрлыққа түскен

Елорда тұрғыны туысының үйіне ұрлыққа түскен
Polisia.kz.

Ақмола облысы Целиноград ауданының полиция бөліміне 53 жастағы тұрғыннан өтініш келіп түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның шағымында 16-17 маусым аралығында белгісіз біреу үйден алтын бұйымдарын, яғни сырғаларын, неке сақинасын, алқа және ерлер сақинасын ұрлағаны айтылған. Келтірілген шығын сомасы 550 мың теңге. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол шағымданушының 20 жастағы жиені, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Жас жігіт туыстарының үйде болмаған сәтін пайдаланып, зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, түскен қаражатты жұмсап үлгерген. Күдіктінің айтуынша, ол тұрғын үйді жалға алу үшін төлем жасауда қаржылық қиындықтарға тап болған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.