Шомылу маусымы басталғалы елде 36 адам суға кеткен

Шомылу маусымы басталғалы елде 36 адам суға кеткен

Өкініштісі, оның 19-ы бала. Мұны Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның мәліметінше, соңғы жарты жылда қауіпсіздік ережесін сақтамай, 81 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Бүгінде ел аумағында 497 өзен-көлде шомылуға рұқсат етілген. Соның ішінде 142 коммуналдық және 341 жеке жағажай бар екен.

Бауыржан Сыздықов, ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы:

- Шомылу маусымы басталғаннан бері ІІМ, әкімдіктер және еріктілермен бірлесіп 9 мың 300-ден астам (9312) патруль мен рейд жүргізілді. Оған 25 мыңға жуық (24 800) адам тартылды. Нәтижесінде 537 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 50 адам құтқарылды, 10-ы бала. Атап айтатын болсақ, ТЖМ қызметкерлері 43 адамды, куәгерлер 5 адамды және полиция қызметкерлері 2 адамды құтқарды.