90 млн теңге. Қарағандыда оқу орнының бас есепшісі жемқорлық күдігіне ілінді

Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу барысында есепшінің біраз былығын әшкереледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамыр айына дейін жалақы, денсаулық жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды есепші мен өз шотына және директор мен орынбасарына аударып отырған. Қазына қаржысынан бір оқытушы мен кіші қызметкер де құр қалмапты.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз хатшысы:

- Қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңгені құрап, 13 миллион теңге өтелді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.